Н. Темiрғалиев "Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң хабаршысы. Математика. Информатика. Механика сериясы" журналының басты мақсаттары мен оларды жүзеге асыру жолдары жөнiнде Бас редактордың алғысөзi


Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 49

Авторлар

  • Н. Темiрғалиев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты

Кілт сөздер:

Комплекстi бағдарлама, математика-информатика, механика, 4-шi өнеркәсiптiк революция, Цифрлық Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада "Қазақстан түпкiлiктi базалық дайындық арқылы математикаинформатика саласында алдыңғы қатарлы есептерiн шешуге қауқарлы және мәндi нәтижелер
ала алатын жоғары бiлiктi математика және IT-мамандарын жаппай даярлау iсiне бағыт алуда"
бағдарламасы негiзiнде Қазақстанның 4-шi өнеркәсiптiк революцияға енуiн қамтамасыз ететiн журнал
сериясының ғылыми саясаты анықталған.
Серияның ғылыми саясатын жүзеге асыратын авторлық ТМжҒЕИ жолы әзiрлендi. Әуелi
«Сұрақ-Жауап» түрiнде мектеп математикасының Қорытынды бағдарламасы құрылды, оны
толық меңгерген бiлiм алушы әлемнiң кез келген университетiнде еш қиындықсыз табысты әрi
нәтижелi оқи алады. Келесi кезекте «Математикалық анализ» тұр, оны меңгеру арқылы
«математикалық есею» қалыптастырылады да, тағы да авторлық «Лебег өлшемi және интегралы»
мен «Ықтималдықтар теориясы» оқулықтарымен жалғастырылады. Осы авторлық ТМжҒЕИ
бiлiм жолын өтушi халықаралық математика-информатика бойынша алдыңғы қатарлы ғылыммен
айналысуды қамтамасыз ететiн 20 авторлық бағыттар мен тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын орындауға 70 пайыз және одан жоғары көрсеткiшпен дайын болады.
Математика жүйеленген ғылым, сол себептi, бiрiншi сыныптан бастап соңғы сыныптарды қамтитын
мектеп бағдарламасы толық меңгерiлуi үшiн оқу материалы «әрбiр ой келесi ойға негiз» тәртiбi
бойынша тұтас байланысты ағын iспеттi өтiлуi тиiс, осының барлығы жоғары математиканың
бағдарламасына да ауысады. Тұтас алғанда мектеп және ЖОО бағдарламалары бiлiм алушының
«математикалық есеюiн» қамтамасыз етуi қажет.
Әдетте мектеп және ЖОО математикасының мақсаты әртүрлi есептерлi шығара бiлу деп
қабылданады. Бұнда ТМжҒЕИ ұстанымы мүлде басқаша. Негiзгi мақсат математикалық
есею түрiнде математикалық әлемге ену. Ал есеп шығару мәселесi сол есептердi шығару жол
әдiстемелерi бойынша топ-топқа бөлiп, әуелi соларға жеке-жеке үйретiп, сонан соң берiлген
тапсырмаларды қай әдiстемемен шығарылатынын таныпғ және сол жолмен толық шешiмiн беру.
Осы талаптардың барлығын толығымен авторлық ТМжҒЕИ оқулықтары қамтамасыз етедi. Бұлар:
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы «Авторлық ұжым – Баспа» форматындағы «XXI сыныптар үшiн Алгебра және анализ бастамалары» конкурсының жеңiмпазы ретiнде жарық
көрген «Алгебра және анализ бастамалары» оқулығы және де 1978 жылғы ҚазССР Жоғарғы
бiлiм министрлiгiнiң математика бойынша Оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң шешiмiмен шығарылған 70 баспа
табақты «Математикалық анализ» фундаменталды курсы мен оның 2018 жылғы екiншi басылымы.
Бұл жерде, белгiлi бiр ғылым саласын алғаш түсiнiк беру әртүрлi әдiстемелiк ұстанымды бiрнеше
оқулық арқылы қатар жүзеге асырудың тиiмдiлiгi төмен екендiгiне назар аударғанымыз жөн (мәселен,
сондай жағдайда А. В. Погорелов пен Л. С. Атанасян авторлығындағы «Геометрия» оқулықтары).
Iстiң мәнi мынада: егер сезiнуi мен түсiнiгi өзiндiк бүтiн бiр автордың (немесе авторлар ұжымының)
оқулығын алып қарайтын болсақ, сол пәндi оқытуды басқа әртүрлi көзқарастармен араластыру бiлiм
алушының санасына бейберекетсiздiк әкеледi. Сонымен қатар, сол пәндi әуелi бiр фундаменталды
оқулық арқылы толық өтiп шығып, содан соң басқа кiтаптармен үстiртiн қарап шығу «Бұл тақырыпты
бұлай да баяндауға болады екен» деген мағынада әлдеқайда нәтижелi болатыны анық. Жалпы алғанда,
қиындықтардың сақталу принципiн де есте ұстау керек «Бiр тақырыпты мазмұндауды ұтымды ету
басқа бiр тақырыпты мазмұндағанда қиыншылықтарға әкеледi».
Әрi қарай, «Сұрақ-жауап» түрiнде келтiрiлген аталмыш оқулықтардың Мазмұны бiр мезгiлде
қажеттi және жеткiлiктi толық тiзiмiн бередi, –олар әрi ықшам түрде, әрi егжей-тегжей жүйелi
түрде берiлiп, жеке тұлғаны «математикалық жетiлумен» қаруландыру үшiн қажет талаптарды толық
қамтиды, сол арқылы қолжетiмдiлiгiн айқындайды. Әрi қарай математика әдiс және өнегелi ғылым
ретiнде қаншалықты тиiмдi және маңызды болса, соғұрлым қилы-қилы келешек өмiрiнiң барлық
белестерiнде қайтарылыды. Ең соңында, ТМжҒЕИ 20 бағыты мен тақырыптры бойынша ғылыми
iзденiстер және басқа да сапалы отандық зерттеулер журнал Сериясын халықаралық деңгейдегi
мақалалармен қамтамасыз етедi деген үмiттемiз.
Қазiргi заманғы Қазақстандағы математика мен информатиканың дамуы осылай көрiнедi. Әрбiр ел
өзiнiң ғылымын өзi реттей жатар

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Темiрғалиев Н. (2018). Н. Темiрғалиев "Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң хабаршысы. Математика. Информатика. Механика сериясы" журналының басты мақсаттары мен оларды жүзеге асыру жолдары жөнiнде Бас редактордың алғысөзi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы, 122(1), 8–69. Retrieved from https://bulmathmc.enu.kz/index.php/main/article/view/17

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>