«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты 2019 жылыу» ғылыми, ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық есебi (II бөлiм)


Қаралымдар: 260 / PDF жүктеулері: 93

Авторлар

  • Н. Темiрғалиев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты

Кілт сөздер:

Математикалық анализ, Лебег өлшемi теориясы, Ықтималдықтар теориясы, математиканы түсiну, фундаменталды математикалық дайындық, математикалық жетiлу, бiлiктi ғылыми орта, оқулық құрылымындағы жүйелi тәсiл

Аңдатпа

Мақала әрдайым заманауи болып табылатын, және одан кем емес, Хардидiң "оны
(Жорданның "Математикалық анализ курсы" - Н.Т.) оқығаннан кейiн ғана мен математиканың
не екенiн бiрiншi рет түсiндiм" деген мойындауындағы өзектi мәселе "Математиканы
түсiну" контекстiнде жасалған. Хардидiң мысалы "Бiлiктi орта оқулықтағы олқылықтардың
орнын толтырады" деген айқындықты терiске шығарып, жоқ дегенде әрқашан да орындала
бермейтiндегiн көрсетсе де Математиканы түсiну үшiн ғылыми орта мен негiзгi оқулықтар
қаншалықты және қандай деңгейдегi қатынаста маңызды? " мәселесiне арналған.
Оқулықтың пайдасына жасалған бұл тарихи мысал математикалық ортасы жалындап тұрған
Кембриджде қабiлеттi адамзаттың ақыл-ой мүмкiндiктерiнiң жоғарғы деңгейiндегi ағылшын
Харди математиканы француз Жорданның Математикалық талдау оқулығынан түсiндi, – бұл
бiр жағы.
Екiншi жағынан, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiң механикаматематика факультетiнiң (ММУ) Мәскеу математикалық мектебi гүлденiп тұрған кезеңiнде 5
жыл студент және 3 жыл аспирант болып, артынан диссертация қорғап шыққан кез келген адам
Математиканы түсiне алды. Бұл – барлық оқулықтар үшiн мiндеттi емес, бiрақ кiшi курстарда
кәсiби деңгейде мықты профессорлармен берiлетiн күштi iргелi математикалық дайындық пен
маған ММУ профессоры Тарас Павлович Лукашенконың түсiндiруiнше, студенттердi жастайынан
математикаға енгiзген жүздеген үш семинарлар КСРО-дағы ерекше құбылыс болды. Қазақстандағы ММУ-дiң бiрiншi толқын түлектерi – аты аңызға айналған Сәдуақас Боқаев
пен Асқар Закарьевич Закарин, соғыстан кейiнгi Қабдеш Жұмағазыұлы Наурызбаев, Марат
Рахымбердиев, Жанбек Әубәкiров, қазiргi таңда ортамызда жүрген Людмила Алексеева, Нұрлан
Аманов, Нұрлан Рахметов, Асқар Жаркенов, Сәуле Танкаева, Нұргүл Аманова.
Математика және компьютерлiк ғылымдар саласындағы ТМ және ҒЗИ арқылы қазақ
ұстанымы осы мақаланың §§0-2 көрсетiлген. Әрi қарай, осы негiзде А (ТМжҒЗИ-нан АҚШ-тың
PhD докторантурасында жалпы дайындықтың қазақ аналогы ретiнде базалық математикалық
дайындықтың авторлық негiздерi) бағдарламасын iске асырудың егжей-тегжейлерi келтiрiлген.
"Математикақ анализ" оқулығы бiлiктi ортаны қажет етпей Математиканы түсiнудi өзiнөзi қамтамасыз ету тұрғысынан жасалған. "Кiрiспеде" автор оқырманды математиканы
түсiну барысында орын алған барлық жәйттәрмен толық таныстырады, оның iшiнде, Мәскеу
математикасының ерекше ортасында көптеген адамдармен, ең алдымен көрнектi математиктермен
қарым-қатынас жасау кезiндегi жеке бақылаулармен, ғылыми зерттеулер және барлық деңгейдегi
математикалық әдебиеттердi оқу барысындағы жеке қорытындыларымен таныстырады. Лебег
өлшемi теориясы – автор осы жолдардың математикалық түсiнiгiн аспиранттық дәуiр бауырласы
Димитрий Печерскийдiң қолдауымен ғылыми жетекшiсi Петр Лаврентьевич Ульяновтың
жеке бағдарлама бойынша алған, ХХ ғасырдағы математиканың дамуындағы және болашақ
кезеңдердегi ерекше маңыздылықты жеке тақырып. Ықтималдық теориясы - автордың көзқарасы
бойынша нақтылауды қажет ететiн кейбiр тармақтар келтiрiлген арнайыланған пән.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Темiрғалиев Н. (2020). «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты 2019 жылыу» ғылыми, ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық есебi (II бөлiм). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика. Компьютерлік ғылымдар. Механика сериясы, 132(3), 31–69. Retrieved from https://bulmathmc.enu.kz/index.php/main/article/view/76

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>