Рангі екіге тең еркін дуалды Лейбниц алгебраларының қолды автоморфизмдері


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 128

Авторлар

  • Б.А. Дуйсенгалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.С. Науразбекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7182/bulmathenu.2023/2.2

Кілт сөздер:

дуалды Лейбниц алгебрасы, автоморфизм, амальгамирленген еркiн көбейтiндi, сызықтылану, триангулярлану

Аңдатпа

Мақалада алгебралардың -көпбейнесінің анықтамасы келтірілген және дуалды Лейбниц алгебраларының көпбейнесі -көпбейне болатыны дәлелденген. [Алимбаев А.А., Науразбекова А.С., Козыбаев Д.Х. Рангі екіге тең еркін алгебралардың автоморфизмдерінің сызықтылануы мен дифференциалдауының триангулярлануы // Сібір электронды математикалық жаңалықтары. – 2019. – Т. 16. – Б. 1133-1146.] жұмысында -көпбейнесінің рангі екіге тең еркін алгебраларының автоморфизмдерінің сызықтылануына және дифференциалдауының триангулярлануына қатысты бірқатар нәтижелер алынған. Сол жұмыстың нәтижелерінің салдарлары ретінде біз келесі нәтижелерді алдық: екі айнымалыдан тәуелді еркін дуалды Лейбниц алгебрасының қолды автоморфизмдер группасы амальгамирленген еркін көбейтіндінің құрылымын қабылдайды, сипаттамасы нөлге тең өрісте тұрғызылған екі айнымалыдан тәуелді еркін дуалды Лейбниц алгебрасының қолды автоморфизмдерінің кез келген редуктивті группасы сызықтыланады және осы алгебраның кез келген локальді-нильпотентті дифференциалдауы триангулярланады.     

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дуйсенгалиева, Б., & Науразбекова, А. (2023). Рангі екіге тең еркін дуалды Лейбниц алгебраларының қолды автоморфизмдері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы, 143(2), 13–34. https://doi.org/10.32523/2616-7182/bulmathenu.2023/2.2

Журналдың саны

Бөлім

Статьи