Жариялау этикасы

Жарияланымдық этикамен таныспас бұрын авторларға журналдың редакциялық саясатымен танысу ұсынылады.

 Редакциялық саясат

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН МАТЕРИАЛДАР МЕН ПЛАГИАТ

Журнал заңсыз алынған мәтіндерді анықтау үшін «Антиплагиат» https://antiplagiat.enu.kz/ бағдарламалық қамтамасыз етуі мен «iThenticate (Turnitin)» https://enu.turnitin.com/ жүйесін пайдаланады.

Мақала авторлары өздерінің толығымен түпнұсқа жұмысты ұсынғанын қамтамасыз етуі тиіс. Басқа авторлардың жұмыстары мен/немесе дәйексөздері қолданылған жағдайда, библиографиялық сілтемелер немесе үзінділер міндетті түрде көрсетілуі қажет. Басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасау – талап етілетін міндетті шарт болып табылады. Авторлар мақалада ұсынылған жұмыстың сипатына айтарлықтай әсер еткен, тақырыптың тарихи дамуына алдыңғы кезеңде үлес қосқан жарияланымдарға сілтеме жасауы тиіс.

Журнал академиялық адалдық принциптерін ұстанады және плагиат, дұрыс емес алынған материалдар немесе деректерді бұрмалау қамтылған материалдардың жариялануына жол бермейді.

Плагиат – бұл ешқандай сілтемесіз басқа біреудің мәтін, идеялар, деректер, суреттер, кестелер, әдістер немесе формулалар сияқты еңбектерін толық немесе жартылай өзіне ыңғайлап алу.

Өз-өзіне плагиат жасау (самоплагиат) бұрын жарияланған өз материалдарын жаңа ретінде, дәйексөз бермей және мәтіннің бұрын жарияланғанын көрсетпей қайтадан жариялау.

Дұрыс емес алынған материалдар –басқа біреудің жұмысынан алынған үзінділерді дәйексөздеу ережесін сақтамай, дәйексөздеу ережесін сақтамай, библиографияға сілтеме жасамай немесе аздап өзгертіп бұрмалап пайдалану (өз көзін көрсетпей қайта баяндау).

Деректерді бұрмалау – зерттеу деректері, нәтижелері немесе әдістерін әдейі бұрмалау, жалғандау немесе манипуляциялау, оның мақсаты – жалған немесе адастыратын қорытындылар көрсету. Бұған мыналар жатады: деректерді өзгерту немесе іріктеп шығару, нәтижелерді жасанды «жақсарту», бастапқы материалдарды ауыстыру, жоқ деректерді көрсету, сондай-ақ зерттеудің дәлдігі мен қайта шығарылуын бұзатын кез келген әрекеттер.

Журналға түскен барлық мақалалар авторлық орындаудың өзіндік ерекшелігін тексеру үшін «Антиплагиат» автоматты лицензиялық жүйесі және «iThenticate (Turnitin)» жүйесі арқылы плагиатқа тексеріледі.

«Антиплагиат»:

  • Мақала жариялануға қабылдануы үшін мәтінінің басқа дереккөздерден алынғанынсыз өздік ерекшелігі (оригиналдылығы) кемінде 80%-ды құрауы тиіс.
  • Мәтінінің өздік ерекшелігі (оригиналдылығы) 75–79% болатын мақалалар басқа көздерден алынған үзінділер мақала мақсатын және мазмұнын ашу үшін қажет болса, Редакциялық кеңестің қарауына жіберілуі мүмкін.
  • Оригиналдылығы 75%-дан төмен мақалалар немесе мәтіні жасанды интеллектпен (AI) жасалған деп анықталған жұмыстар қабылданбайды.
    Тек «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексерілгеннен кейін оригиналдылығы 80% және одан жоғары қолжазбалар ғана әрі қарай рецензиялау үшін жіберіледі.

         «iThenticate(Turnitin)»:

  • Жалпы ұқсастық пайызы 20%-дан аспауы тиіс.
  • Ұқсастық пайызы 21%-25% аралығында болатын мақалалар басқа көздерден алынған мәтін мақала мақсатын және мазмұнын ашу үшін қажет болса, Редакциялық кеңестің қарауына жіберілуі мүмкін,.
  • Ұқсастық пайызы 26% және одан жоғары мақалалар немесе мәтіні жасанды интеллект (AI) арқылы жасалған деп анықталған жұмыстар қабылданбайды.

         «iThenticate(Turnitin)» жүйесі арқылы тексеруден кейін ұқсастық пайызы 20%-дан аспайтын қолжазбалар ғана әрі қарай рецензиялауға жіберіледі.

         Плагиаттың барлық түрлері, атап айтқанда,  этикаға сай емес деп саналады және қабылданбайды.

         Маңызды ұқсастықтары расталған мақалалар, сондай-ақ плагиат немесе өзін-өзі плагиаттау жағдайлары халықаралық жариялау этикасының стандарттарына сәйкес кері қайтарылады.

          Ұқсастықтар туралы есеп пен рецензенттердің сараптамалық бағалауын ескере отырып, журналдың Редакциялық кеңесі соңғы шешімді қабылдайды.

Автор бірдей зерттеуді сипаттайтын қолжазбаларды бірнеше журналға ұсынбауы тиіс. Бір қолжазбаларды бір уақытта бірнеше журналға ұсыну этикаға сай емес әрекет болып саналады және қабылданбайды.

 Жалпы алғанда, автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға қарастыру үшін ұсынбауы тиіс.

Егер плагиат жарияланғаннан кейін анықталса, редакция

  • ереже бұзушылық туралы хабарламаны жариялайды,
  • қажет болған жағдайда мақаланы кері алады (ретракция),
  • автор жұмыс істейтін ұйымға хабарлайды

әрекеттерін жасайды.

 

АВТОРЛАРДЫҢ ЭТИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ

Журнал тұрақты түрде ғылыми деректердің тұтастығын сақтауға ұмтылады.

Авторлар зерттеу нәтижелерін бұрмалаудан аулақ болуы, журналға деген сенімді бұзуы мүмкін әрекеттерден бас тартуы, ғылыми авторлық пен жалпы ғылыми қызметтің кәсібилігін сақтауы тиіс. Зерттеудің тұтастығын және оның көрсетілуін қамтамасыз ету жақсы ғылыми практика ережелерін орындауға ықпал етеді, олар мыналарды қамтиды:

Қолджазба бір уақытта бірнеше журналға басу үшін қаралуға жіберілмеуі тиіс. Ұсынылған жұмыс түпнұсқа болуы керек және алдыңғы жұмыстардың кеңейтілген нұсқасы болмаса басқа жерде немесе қандай да бір басқа тілде (бөліктен немесе толықтай) жарияланбауы тиіс. Материалдарды қайта пайдалану кезінде барлық қажетті сілтемелер көрсетілуі қажет, бұрын алынған нәтижелерді жаңа нәтиже ретінде көрсетуге (өз-өзін плагиаттау) жол берілмейді. Бір зерттеу мақалалардың санын арттыру мақсатында бір журналдың әртүрлі нөмірлерінде немесе әртүрлі журналдарда бірнеше бөлікке бөлініп бірнеше мақала ретінде жарияланбауы керек. Нәтижелер анық, дәл, ешқандай жалған немесе тиімсіз деректерді өңдеусіз (соның ішінде кескіндер арқылы манипуляциялар) ұсынылуы тиіс. Авторлар мәліметтерді алу, таңдау және өңдеу кезінде жалпы математикалық, жаратылыстану ғылымдары және пәнаралық ережелерді сақтауы қажет. Басқа авторлардың зерттеу нәтижелері өз нәтижесі ретінде пайдаланылмауы тиіс. Материалдарды (басқа дереккөздерден алынған сөздер, тіркестер және сөйлемдер) сөзбе-сөз көшіру кезінде тырнақшалар қолданылады, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалған материалдарға рұқсат алынуы қажет.

Авторлар өз зерттеулерінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сауалнамалар және шкалаларды пайдалану құқықтарына ие екеніне көз жеткізуі тиіс (қажет болған жағдайда). Ғылыми мақалалар мен зерттелмеген мақалалар (мысалы, ғылыми-ұйымдастырушылық материалдар, «Естелік», «Ақпараттық аналитика» рубрикалары) жарияланған мәлімдемелерді қолдау үшін сәйкес және өзекті әдебиеттерге сілтеме жасауы керек. Қажеттілігі жоқ жерде өзін-өзі сілтеме жасау немесе бірнеше авторлардың бірлескен өзін-өзі сілтеме жасау әрекеттері мүлдем ұсынылмайды.

Егер әділетсіз әрекет жасалып немесе алаяқтыққа күдік туындаса, журнал өз жариялау этикасы ережелеріне сәйкес, COPE принциптерін басшылыққа ала отырып, тергеу жүргізеді. Тергеу нәтижесінде негізделген күмәндер анықталса, редакция авторлармен өздері көрсеткен электрондық пошта мекенжайы арқылы байланысып, мәселені шешу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Жағдайға байланысты журнал

  • Егер қолжазба әлі қаралу үстінде болса, ол қабылданылмай кері қайтарылуы,
  • Егер мақала жарияланған болса, ол ретракцияға ұшырайды, яғни мақала «ретрактировано» деген беттік-таңбасымен платформада орналастырылады, ал кері қайтару себебі беттік-таңбамен байланысты ескертпеде көрсетіледі,
  • Автордың ұйымына хабар беріледі. Рецензиялау жүйесінің этикалық стандарттарын бұзу күдігі туралы хабарлама автор мен мақаланың библиографиялық деректерінде көрсетіледі

шараларын  қолдануы мүмкін және онымен шектелмейтін жағдайлар да туындауы мүмкін.

Автор жұмыстың түпнұсқалығы мен этикалық нормалардың сақталуы туралы Ілеспе хат ұсынады. Ілеспе хат ұйымның ресми бланкіне рәсімделіп, ұйым басшысымен (жоғары оқу орындары үшін – ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты проректор) қол қойылады.

Ілеспе хаттың үлгісі

Осы хат арқылы авторлар «МАҚАЛА АТАУЫ» атты ғылыми мақаланы, автор(лар)ы ТЕГІ, АТЫ-ЖӨНІ «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы» журналында жариялау ешкімнің авторлық құқығын бұзбайтынына кепілдік береді. Авторлар журналдың баспагері – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне

–     мақаланы таралым санына шектеусіз басып шығару (жариялау, көпшілікке ұсыну, көшірмелеу, таралыммен шығару немесе өзге де жолмен көбейту), сондай-ақ кез келген тәсілмен тарату құқығы. Бұл ретте олардың әрқайсысы автор(лар)дың аты-жөнін қамтуы тиіс;

–     мақаланы жалпыға қолжетімді ету;

–     метадеректерді (мақала атауы, автор-құқық иесінің аты-жөні, аннотациялар, библиографиялық материалдар, мақаланың толық мәтіні және т.б.) тарату және жалпыға қолжетімді ету, өңдеу және жүйелеу арқылы пайдалану, сондай-ақ оларды әртүрлі дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерге, оның ішінде жарияланған мақаланың толық мәтіндік нұсқаларын енгізу

айрықша құқықтарын шектеусіз мерзімге береді.

Мақалаға берілген құқықтарды пайдалануға рұқсат етілетін аумақ шектелмейді.

Автор(лар) сондай-ақ Журналдың баспагеріне өздерінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны және атқаратын қызметі туралы мәліметтер) сақтау және өңдеу құқығын мерзімсіз береді. Дербес деректер оларды әртүрлі дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерде сақтау және өңдеу, сондай-ақ талдамалық және статистикалық есептерге енгізу мақсатында ұсынылады.

Автор(лар) толық көлемде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылыми мақалада зияткерлік меншіктің нысандарын, авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік көтереді.

Осы хат арқылы автор(лар) журналдың баспагерімен қолжазбаны плагиатқа тексеруге келісім береді.

Автор(лар) жолдап отырған қолжазба бұрын еш жерде жарияланбағанын (соның ішінде кез келген басқа тілде), параллель түрде басқа ғылыми басылымдарға жіберілмегенін және келешекте де жіберілмейтінін растайды.

Орындаушы.: автор(лар) аты-жөні 

 

АВТОРЛАР, РЕЦЕНЗЕНТТЕР ЖӘНЕ РЕДАКТОРЛАР ҮШІН БАСТАПҚЫ ТАЛАПТАР

Бас редактор мен Редакциялық коллегия үшін:

Бас редактор мен Редакциялық коллегияның мүшелері:

  • Журналдың әр нөміріндегі бағдарлаушы мақалаларды жариялауға отандық және шетелдік мамандарды тартуы тиіс;
  • Магистрлік және PhD диссертацияларының перспективалық тақырыптары бойынша мақалаларды жариялауға, сондай-ақ Математика, Компьютерлік ғылымдар және Механика саласындағы жаңа ғылыми тақырыптар мен бағыттарды белсендіруге отандық және шетелдік мамандарды тартуы тиіс;
  • Методологиялық қолжазбаларды рецензиялауға отандық және шетелдік мамандарды тарту;
  • Орта және жоғары мектептерге арналған Математика, Компьютерлік ғылымдар және Механика саласындағы әртүрлі тақырыптар мен бағыттар бойынша методологиялық мақалаларды жариялауға отандық және шетелдік мамандарды тарту;
  • Жоғары біліктілікті отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, Редакциялық коллегия мүшелерінің мерзімді ротациясын жүргізу;
  • Шетелдік жоғары білікті мамандарды олардың орналасқан елдеріндегі Білім және ғылым жүйесінің жұмыс істеуі туралы ғылыми-ұйымдастырушылық мақалаларды жариялауға тарту;
  • Мақаланың тақырыбы бойынша білікті рецензенттерді тарта отырып, жарияланымдардың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • Адекватті рецензиялауды қамтамасыз ету;
  • Рецензенттердің пікірлеріне келісіммен немесе келісімсіз өз көзқарасын ұсыну;
  • Мақала бойынша шешім қабылдау процесінің барлық қатысушылары үшін жарияланым этикасын сақтауын қамтамасыз ету;
  • Барлық қатысушыларда туындауы мүмкін болатын мүдделер қақтығысын алдын ала хабарлау және редакциялық процедуралардың айқындылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету;
  • Аралық және соңғы шешім қабылдауда жеке коммерциялық және басқа да мүдделерді ескермеу;
  • Журнал саясатын отандық және халықаралық ғылыми кеңістікте тарату;
  • Авторларға (олардың өтініші бойынша) қолжазбаны рәсімдеу және жіберу талаптары бойынша кеңес беру;
  • Журналдың барлық қатысушылары арасында сыпайы, өзара сыйластыққа негізделген және кәсіби қарым-қатынас атмосферасын қалыптастыру;
  • Математика, Компьютерлік ғылымдар және Механика саласындағы жоғары білікті авторлар мен рецензенттерді Журналға тартуға жұмыс істеу;
  • Авторлар мен рецензенттерге Журналдың нақты және айқын талаптарын егжей-тегжейлі ұсыну;
  • Журналдың ұзақ мерзімді ғылыми жоспарларын жасау;
  • Журнал сапасын үнемі арттыру және оның қамту аясын кеңейту, Web of Science және басқа деректер базалары талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету.

Авторларға (Журналдың Авторға қойылатын талаптарына толық сәйкес).

Қолжазбаны редакцияға жолдай отырып, автор(лар) ешкімнің авторлық құқығын және жариялау этикасының принциптерін бұзбайтынын кепілдендіреді. Авторлар «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің хабаршысы» журнал баспагеріне шектеусіз мерзімге келесі ерекшелік құқықтарды береді:

  • Мақаланы басу құқығы (жариялау, тираждау немесе басқа да көшіру тәсілдері) шектеусіз тиражда мақаланы кез келген тәсілмен әрбір мақаланың көшірмесінде автор(лар)дың аты-жөні көрсете отырып, тарату құқығы;
  • Мақаланы құрамдастыру құқығы;
  • Мақаланы көпшілікке жеткізу құқығы;
  • мақаланың метадеректерін (атауы, автор(лар)дың аты-жөні, аннотациялары, библиографиялық мәліметтері, мақала мәтіні және т.б.) авторлық құқық иесінің тарату, көпшілікке жеткізу, өңдеу және жүйелеу, сондай-ақ әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерге, соның ішінде жарияланған мақала мәтінінің толық нұсқаларына енгізу құқығы.

Мақалаға қатысты құқықтарды пайдалану территориялық шектеусіз жүзеге асырылады.

Автор(лар) қолжазба жариялануға қабылданғаннан кейін оны журналдың сайтында ашық қолжетімділік форматында орналастыруға, сондай-ақ жарияланған мақаласы бар журналдың басып шығарылған нөмірін кітапханаларда және басқа ұйымдар мен мекемелерде таратуға қарсылық білдірмейді(көрсетпейді).

Автор(лар) сонымен қатар журналдың баспасына өздерінің жеке деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны мен лауазымы туралы мәліметтер) шектеусіз мерзімге сақтау және өңдеу құқығын береді. Жеке деректер әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерде сақталуы және өңделуі, аналитикалық және статистикалық есептерге енгізілуі және т.б. үшін ұсынылады.

Автор(лар) ғылыми мақалада зияткерлік меншіктің нысандарын, авторлық құқық объектілерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңмен пайдалануға толық жауапкершілік алады.

Автор(лар) журналдың баспасы арқылы қолжазбаны плагиатқа және жариялау этикасының басқа да бұзушылық белгілеріне тексеруге өз келісімін береді.

Автор(лар) редакциялық коллегияға қолжазбаны оның негізгі тұжырымдарын өзгертпей ғылыми және әдеби тұрғыда өңдеуге, қолжазбаны рецензиялауға, қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізуді ұсынуға рұқсат береді және жариялау тек автор(лар) қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізгеннен кейін жүзеге асырылады.

Автор(лар) қолжазба пішімі мен мазмұны журналдың талаптарына сәйкес келмесе, немесе қолжазбада қамтылған ақпаратты жариялауға тыйым салынған нормативтік-құқықтық актілер мен/немесе басқа ресми мемлекеттік құжаттар бойынша шектеулер болса немесе қолжазбада ғылыми және/немесе жариялау этикасының принциптері бұзылған болса, редакциялық коллегияның қолжазбаны жарияламау жайлы шешім қабылдау құқығын мойындайды.

Автор(лар) өздерінің басқа ғалымдармен немесе журналдың редакциялық кеңесінің мүшелерімен мүдделік қақтығысы бар/жоқ екенін мәлімдейді. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, автор(лар) қолжазбаны объективті бағалауға кедергі болатын нақты себептерді, сондай-ақ қолжазбаны объективті бағалай алмайтын ғалымдардың толық аты-жөнін көрсетуі тиіс.

Автор(лар) журнал туралы жалпы ақпарат, мақалаларды қарау тәртібі, авторларға арналған нұсқаулық және жариялау этикасы қамтылған журналдың редакциялық саясатымен танысқанын мәлімдейді.

Рецензенттер үшін (Журналдың рецензентке қойылатын талаптарына толық сәйкес):

Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында қосарланған «соқыр» рецензиялау (рецензент қолжазбаның авторларын білмейді, авторлар рецензенттерді білмейді) процедурасы қолданылады. Қолжазбалар бағалану үшін екі рецензентке жіберіледі.

Рецензент құқысы:

  • Рецензент рецензиялауға ұсынылған қолжазбаның аннотациясын сұрата алады;
  • Аннотациямен немесе толық анонимделген мәтінмен танысқаннан кейін мақаланы сараптамалық бағалаудан өткізуге бас тарта алады;
  • Егер зерттеу тақырыбы бойынша маман болмаған жағдайда рецензент қолжазбаны рецензиялаудан бас тарта алады және бұл туралы редакцияны хабарландырады.

Рецензент міндеттері:

  • Алынған қолжазбаны құпия құжат ретінде қарастыру;
  • Алынған материалға объективті және дәлелді баға беру;
  • Рецензиялау барысында алынған ақпарат пен идеяларды құпия сақтау;
  • Мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспау;
  • Алынған қолжазбада қамтылған материалды өз жарияланымдарында пайдаланбау.