Ақпараттық жүйелердiң сенiмдiлiгi мен ақаулыққа төзiмдiлiгiн бағалау бойынша шешiмдер қабылдауды қолдануға арналған әдiс және ақпараттық технология


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 88

Авторлар

  • С.Н.Боранбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • А.С.Боранбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi
  • Н.М.Сисенов Назарбаев университетi
  • Н.Горанин Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетi

DOI:

https://doi.org/10.32523/bulmathenu.2021/3.3

Кілт сөздер:

Ақпараттық жүйе, автоматтандырылған жүйе, ақауларға төзiмдiлiк, сенiмдiлiк, әдiс, критерий, сараптамалық бағалау

Аңдатпа

Бұл мақала ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердiң сенiмдiлiгi мен ақауларға
төзiмдiлiгiн бағалауға арналған. Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелер компоненттерiнiң ақаулыққа
төзiмдiлiк деңгейiн анықтауға, оңтайландырудың әртүрлi бағыттары бар бiрқатар өлшемдердi ескеруге, балама
шешiмдердi бағалауға және дәрежелеуге мүмкiндiк беретiн әдiс ұсынылған.
Ұсынылған әдiс негiзiнде ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердiң сенiмдiлiгiн анықтауға мүмкiндiк
беретiн тиiстi ақпараттық технология жасалды.
Ақпараттық жүйе компоненттерiнiң сенiмдiлiгi мен ақауларға төзiмдiлiгiн әр түрлi критерийлер бойынша бағалау
үшiн ұсынылған әдiс пен тәсiл тәжiрибеде қолданылды. Ақпараттық жүйенiң әр компонентiнiң ақауларға төзiмдiлiк
деңгейлерi анықталды. Әдiстiң практикалық қолданылуы оны ақпараттық және автоматтандырылған жүйелердiң
сенiмдiлiгi мен ақауларға төзiмдiлiк деңгейiн есептеу үшiн қолдануға болатынын көрсеттi.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

С.Н.Боранбаев, А.С.Боранбаев, Н.М.Сисенов, & Н.Горанин. (2021). Ақпараттық жүйелердiң сенiмдiлiгi мен ақаулыққа төзiмдiлiгiн бағалау бойынша шешiмдер қабылдауды қолдануға арналған әдiс және ақпараттық технология. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы, 136(3), 23–37. https://doi.org/10.32523/bulmathenu.2021/3.3

Журналдың саны

Бөлім

Статьи