Рангi 2 тең еркiн Новиков алгебрасының қолды автоморфизмдер группасының амальгамирленген еркiн көбейтiндiсiнiң құрылымы
Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 60
Кілт сөздер:
Дифференциалды көпмүшелiктер алгебрасы, еркiн Новиков алгебрасы, амальгамирленген еркiн көбейтiндi, қолды автоморфизмАңдатпа
Мақала сипаттамасы нөлге тең өрiстегi екi айнымалы еркiн Новиков алгебрасының қолды
автоморфизмдер группасын сипаттауға арналған. Еркiн Новиков алгебраларының дифференциалды көпмүшелiктер
алгебралары арқылы берiлуiн қолданып, базистiк сөздердiң кейбiр қасиеттерi зерттелген. Сонымен қатар,
сипаттамасы нөлге тең өрiстегi рангi екiге тең еркiн Новиков алгебрасының қолды автоморфизмдер группасы
Af2(A) ∩ T r2(A) iшкi группасымен бiрiктiрiлген Af2(A) аффиндiк автоморфизмдер мен T r2(A) үшбұрышты
автоморфизмдер группаларының амальгамирленген еркiн көбейтiндiсiнiң құрылымын қабылдайтыны дәлелденген.