Сақтау орындарының iшiнара жоғалуына төзiмдi көп өлшемдi жұптық алгоритмдерiн қолдана отырып, ақпаратты сақтау жүйесiн тестiлеу


Қаралымдар: 38 / PDF жүктеулері: 36

Авторлар

  • А.Ж. Карипжанова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

Кілт сөздер:

үлестiрiлген сақтау, ақпарат, қауiпсiздiк, деректер қоры, iшкi жел

Аңдатпа

Ұйымның iшкi желiсiнде сынақтан өткен деректердi ыдырата отырып, таратылған сақтау жүйесiнiң
тестiлеу деректерi келтiрiледi. Тестiленетiн таратылған сақтау жүйесiнiң ыдырау процесiнде генерацияланатын
жұптықтың өлшемiне жауап беретiн ыдырау деңгейi негiзгi параметрлерiнiң бiрi болып табылады. Бiртiндеп
ыдырау деңгейi ұлғайған тестiлеу барысында ұйымның ақпараттық желiсi үшiн оңтайлы мән орнатылды. Ыдырау
деңгейiнiң және оған байланысты жұптылық өлшемiнiң ұлғаюымен ақпаратты сақтауға қатысатын тораптар
бойынша бөлiнген файлдардың ыдыратылған бөлiктерiнiң жоғалуына төзiмдiлiк артады. Сонымен қатар, ыдырау
деңгейiнiң ұлғаюымен, жүйеде ақпаратты өңдеу уақыты да артады. Тестiлеу ыдыраудың ең оңтайлы деңгейлерi
жүйенiң сақталу сенiмдiлiгi мен латенттiлiгi арасындағы ақылға қонымды мәмiле байқалатын екiншiсiнен үшiншi
деңгейге дейiнгi деңгейлер болып табылатынын көрсеттi. Бұл деңгейлерде тораптардың 33% - ға дейiнi iстен
шыққан кезде файлдарды 100% қайта қалпына келтiруге кепiлдiк берiледi,ал тораптардың 44% iстен шыққан
кезде ақпаратты жоғалту ықтималдығы 0,07 құрады. Көптеген сақтау орындарын пайдалануды талап ететiн үлкен
көлемдер үшiн деректердi бөле отырып, ақпаратты неғұрлым өзектi таратылған сақтау, сенiмдiлiкке қол жеткiзудiң
бiрден-бiр әдiсi көп мәрте резервтеу және репликация (Hadoop FS, ZFS) болып табылатыны белгiлi. Салыстырмалы
сенiмдiлiкте артықтығы аз сипатталған сақтау әдiсi Big Data жүйелерiнде қолдануға ұсынылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.Ж. Карипжанова. (2019). Сақтау орындарының iшiнара жоғалуына төзiмдi көп өлшемдi жұптық алгоритмдерiн қолдана отырып, ақпаратты сақтау жүйесiн тестiлеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Математика. Компьютерлік ғылымдар. Механика сериясы, 129(4), 80–88. Retrieved from https://bulmathmc.enu.kz/index.php/main/article/view/56

Журналдың саны

Бөлім

Статьи