Логнормаланған алғашқы мәлiметтермен берiлген параметрлi элиптикалық дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшiн көпөлшемдi коллокациялық салмақты жуықтаулар
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 44
Кілт сөздер:
көпөлшемдi жуықтаулар, параметрлi және стохастикалық элиптикалық дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, логнормаланған алғашқы мәлiметтер, коллокация әдiсi, бейiмделмеген салмақты полиномиалды интерполяциялық жуықтауларАңдатпа
Логнормаланған алғашқы мәлiметтерiмен берiлген параметрлi және стохастикалық элиптикалық
дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер үшiн толық және толық емес дискреттi полиномиалды
интерполяциялық салмақты аппроксимацияның сызықты бейiмделмеген әдiстерi қырылған. Осы әдiстермен
жуықтау жылдамдықтары алынған. Бұнда сиретiлген коллокация әдiстерi қолданылады. Сонымен қатар,
толығымен дискреттi әдiстердi көпдеңгейлi жуықтау әдiстерi деп қарастыруға болады. Смоляктың сиретiлген
интерполяциялық торлары параметрлi облыстарда Эрмит полиномдарының немесе олардың жетiлдiрiлген
модификацияларының түбiрлерiнен қырастырылған.