Массалары, өлшемдерi және пiшiндерi айнымалы үш дене есебiнiң iлгерiмелi-айналмалы қозғалыс теңдеулерi
Қаралымдар: 71 / PDF жүктеулері: 56
Кілт сөздер:
iлгерiмелi-айналмалы қозғалыс, айнымалы масса, үш дене есебi, өстiк симметриялы аспан денелерiАңдатпа
Өзара Ньютон заңымен әсерлесетiн массалары, өлшемдерi және пiшiндерi айнымалы үш еркiн,
өстiк симметриялы аспан денелерiнiң iлгерiмелi-айналмалы қозғалыс теңдеулерi зерттеледi.
Өстiк симметриялы үш дененiң абсолюттiк координатадағы iлгерiмелi-айналмалы қозғалыс теңдеулерi алынды.
Бейстационар, өстiк симметриялы үш дененiң өзiндiк координаталар жүйесiнiң өстерi денен инерциясының бас
өстерi бойымен бағытталады және эволюция барысында олардың салыстырмалы бағыттары өзгерiссiз қалады деп
болжанады.
Абсолюттiк координатадағы қозғалыс теңдеулерiне қарай отырып бейстационар, өстiк симметриялы үш дененiң
бас нүктесi ең салмақты дененiң центрiнен басталатын салыстырмалы координаталар жүйесiндегi iлгерiмелiайналмалы қозғалыс теңдеулер алынды.
Массалары, өлшемдерi және пiшiндерi айнымалы, бейстационар, өстiк симметриялы үш дененiң ньютондық
әсерлесулерiнiң күштiк функциясының аналитикалық өрнегi келтiрiлдi.