Кәсiби тәуекелдiң және статистикалық көрсеткiштердi ескере отырып оның жiктелуiнiң математикалық аспектiлерi
Қаралымдар: 169 / PDF жүктеулері: 117
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7182/bulmathenu.2023/4.3Кілт сөздер:
кәсiптiк тәуекел, еңбек статистикасы, жазатайым оқиғалар жиiлiгi, өндiрiстiк жарақаттар деңгейi, тәуекелдiлiк (рангтар) бойынша сұрыптау, ауыспалы диапазонАңдатпа
Кәсiптiк тәуекел Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеудегi салыстырмалы түрде жаңа ұғым болып табылады және еңбек қызметiне байланысты жазатайым оқиға нәтижесiнде еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу не қызметкердiң қайтыс болу тәуекелiнiң көрсеткiшiсi ретiнде қолданылады. Экономикалық қызметтiң 132 түрлерiнде (екi таңбалы, соның iшiнде кейбiр бес таңбалы) үлкен деректерi бар Машиналық оқыту теориясын қолдану кәсiби тәуекелдiң 22 сыныбына бөлiнген жiктеу процедурасын жүргiзуге мүмкiндiк бердi. Кәсiби тәуекелдi бағалаудың әдiстемелiк негiзi сенiмдi статистикалық деректердi пайдалану арқылы салыстырудың, топтастырудың және жүйелеудiң жалпы қабылданған статистикалық әдiстерi болып табылады. Зерттеудiң мақсаты - қызметкердi еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру жүйесiнде кәсiптiк тәуекел сыныптары бойынша экономикалық қызмет түрлерiн бөлудiң математикалық тәсiлдерiнiң бiрiн қолдану. Бұл тәсiлдi қолдану экономикалық қызметтiң 132 түрiн (екi таңбалы, оның iшiнде кейбiр бес таңбалы) кәсiптiк тәуекелдiң 22 сыныбына жатқызуға мүмкiндiк бердi. Кәсiби сыныпты арттыру кезiнде экономикалық қызмет түрлерiн бес таңбалы жiктеудi және егжей-тегжейлi көрсетудi енгiзу қажеттiлiгi анықталды, сондықтан 22 (жоғары) сыныпқа тау-кен өнеркәсiбi мен құрылыс саласының екi таңбалы кодының 07101 "Темiр кендерiн жерасты өндiру" және 43991 "Шахта құрылысы" бес таңбалы экономикалық қызмет түрлерi кiрдi. Ғылыми нәтижелер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберiнде алынды (№ BR11965728 "Қазақстан Республикасында қауiпсiз еңбектiң экономикалық проблемалары және сақтандыру механизмiнiң институционалдық қайта құрулары").