Су суспензиясындағы май тамшылары динамикасы
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 208
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7182/bulmathenu.2023/3.1Кілт сөздер:
Еркiн шекаралы есептер, Стокс теңдеулер жүйесi үшiн дифракциялық есеп, анондықоблыстардағы шешiмдердi сингулярлық интеграл түрiнде көрсету, Ньютон-Канторович әдiсіАңдатпа
Бұл қолжазба су эмульсиясымен мұнай ығысуының динамикасына арналған басылымдардыңалғашқысы болып табылады. Екi сұйықтық та белгiсiз бетпен бөлiнген және олардың динамикасы тұтқырсығылатын сұйықтықтарға арналған Стокс теңдеулерi жүйесiмен сипатталады деп болжанады. Сұйықтықтардыңбiрi (мұнай) басқа сұйықтықпен (сулы эмульсиямен) қоршалған тамшы. Екi сұйықтың арасындағы шекарадаорын ауыстырулар үздiксiздiгi мен кернеудiң стандартты шарттары және сұйықтардың әрқайсысы алатын ауданыжеке көлем, яғни бiрдей бөлшектерден тұратындығын бiлдiретiн қосымша шарты орындалады. О.Ладыженская,Н.Уралцева және В.Солонниковтың идеяларына сүйене отырып, бастапқы мәселе бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелешешiлетiн бiрнеше есептерге бөлiнедi. Олардың бiрiншiсi - кейбiр сингулярлық интегралдардың айқын шешiмiналуды қажет ететiн екi жарты кеңiстiкке арналған Стокс жүйесi үшiн моделдi дифракциялық есебi. Әрi қарай, [0,T] еркiн уақыт аралығы үшiн тамшы пiшiнi берiлген тегiс тұйық шенелген бет болғандағы дифракция мәселесi,соңында оның қозғалыс кезiндегi тамшы пiшiнiн анықтайтын бастапқы сызықтық емес есеп шешiледi.