Тұтқырлықтың температураға тәуелдiлiгiн ескере отырып, жылу тасымалдағыштардың гидродинамикасының сандық есебi
Қаралымдар: 232 / PDF жүктеулері: 237
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7182/bulmathenu.2022/4.2Кілт сөздер:
жылу алмасу, тұтқырлық, гидродинамика, мұнай өнiмдерi, сандық модельдеу, ламинарлытурбуленттi ауысуАңдатпа
Мақала жылу алмасу аппараттарындағы жылутасымалдағыштың гидродинамикасын зерттеуге арналған. Жұмыста жылу алмастырғыш түтiктер арқылы сұйықтықтардың стационарлық емес ағындарына есептеу жүргiзiлдi. Жылутасымалдағыш ретiнде су ("ыстық" жылу тасымалдағыш) және мұнай ("суық" жылу тасымалдағыш) қолданылады, олардың арасында жылу тасымалдағыштар арасындағы шекара болып табылатын құбырдың қатты бетi арқылы жылу алмасу жүредi. Мұнайдың қозғалысын есептеу кезiнде динамикалық тұтқырлықтың температураға өте тәуелдi екендiгi және температураға байланысты Рейнольдс сандары да өзгеретiнi ескерiлдi. Нәтижесiнде, өте жұқа арна арқылы ағынмен ағын режимi өзгередi, атап айтқанда, ламинарлы ағын режимiнен турбуленттi ағынға ауысу көрiнедi, ал тұрақты тұтқырлықты есептеудiң аналитикалық әдiсiмен бұл әсер байқалмайды. Жылутасымалдағыш гидродинамикасын сандық модельдеу үшiн турбуленттiлiк моделiмен жабылған Рейнольдс бойынша орташа Навье-Стокс теңдеулерi қолданылды. Жылу алмастырғыштың есептеулерiн верификациялау "Ansys Fluent" бағдарламалық пакетiнде жүргiзiлдi.