«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы» журналының редакциясы журнал сайтынан жіберілетін қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратқа назарларыңызды аударады: https://bulmathmc.enu.kz/
Құрметті авторлар мен рецензенттер!
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы» журналының редакциясы журнал сайтынан жіберілетін қызметтік хаттардың жеткізілуіне қатысты маңызды ақпаратқа назарларыңызды аударады: https://bulmathmc.enu.kz/.
mail.ru, yandex.ru, bk.ru және Mail Group экожүйесіне кіретін басқа да пошта сервистері тарапынан қойылған техникалық шектеулерге байланысты хаттарды жеткізуде жаппай қиындықтар туындауда:
- хаттар мүлде жеткізілмейді;
- «Спам» немесе «Жойылғандар» қалталарына түседі;
- мақала ұсыну, рецензиялау және редакциялық хат алмасу кезеңдеріндегі байланыс бұзылады.
Бұған журналымыз жұмыс істейтін Open Journal Systems (OJS) платформасынан жіберілетін автоматты хабарламаларды бұғаттайтын пошта жүйелерінің қатаң сүзгілері себеп болып отыр.
Осыған байланысты төмендегі ұсынымдарды ұстануларыңызды сұраймыз:
- Платформада тіркелу кезінде корпоративтік электрондық пошта мекенжайларын (мысалы, @enu.kz, @edu.kz, @kaznu.kz және т.б.) пайдаланыңыздар.
- Балама ретінде жүйе хабарламаларын дұрыс қабылдайтын Gmail (@gmail.com) мекенжайларын пайдалануға болады.
- @mail.ru, @yandex.ru, @bk.ru, @inbox.ru, @list.ru домендерімен аяқталатын электрондық пошта мекенжайларын тіркелу кезінде пайдаланбаған жөн.
Егер сіздер хаттарды қабылдауда қиындықтар туындайтын мекенжаймен тіркеліп қойған болсаңыздар, платформадағы жеке профильдеріңізде электрондық пошта мекенжайын өзгерте аласыздар.
Құрметпен,
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Математика, компьютерлік ғылымдар, механика сериясы» журналының редакциялық алқасы





