Авторларға арналған нұсқаулық

Авторларға арналған нұсқаулықпен таныспас бұрын журналдың редакциялық саясатымен танысу қажет.

 Редакциялық саясат

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫҢ МАҚАЛАЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЯТЫН ТАЛАПТАРЫ

 

 Журналда «Ғылыми жаңалық – бұл ғылыми кеңістікте бұрын белгісіз болған мазмұнды, жаңа білім» қағидаты аясында келесі материал түрлері жарияланады: Ғылыми-зерттеу мақалалар, Ғылыми-әдіснамалық мақалалар, Ғылыми-ұйымдастырушылық мақалалар, Қысқа хабарламалар, журнал нөмірінің бағдарлаушы мақаласы, «Еске алу» айдары, «Оқу және ғылыми басылымға рецензия» және «Ақпараттық аналитика» айдарлары.

Ғылыми мақалалардың көлемі 8-16 бет аралығында, қысқа хабарламаның көлемі 5-7 бет аралығында, ал айдар материалдарының көлемі 2-5 бет аралығында болуы тиіс. Көрсетілген үш түрлі мақала мен қысқаша хабарламаның көлемін есептегенде аннотация, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі (түпнұсқа тілінде және ағылшын тілінде), сондай-ақ автор(лар) туралы мәліметтер (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) есепке алынбайды.

Ғылыми мақалалардың көлемі белгіленген көлемнен асып кеткен жағдайда оның маңыздылығына қарай Журналдың Редакциялық кеңесінің ерекше шешімі бойынша тек айрықша жағдайларда ғана жариялауға қабылданады.

Ғылыми-зерттеу мақалалары құрылымы жағынан есеп қойылымының егжей-тегжейлі тұжырымдалуымен, зерттеу мақсатының бағыттың даму аясындағы қажеттілігін толық негіздеумен және алынған нәтижелердің нақты тұжырымдалуымен сипатталатын аяқталған зерттеу болып табылуы тиіс (осы талаптардың ескерілуі мен толықтығын Журналдың рецензенттері мен Редакциялық алқасы айқындайды):

Мақала жеке түрде немесе үйлесімде келесі ақпаратты қамтуы қажет:

  • Мақала мәтінін түсінуді қамтамасыз ету үшін қажетті белгілеулер мен анықтамалар,
  • Мақала арналған есептің (мәселенің) нақты қойылымы,
  • Мақала арналған есептің қойылуымен байланыстағы толық сілтемелерімен берілген тарихи мәліметтер және тиісті – осы тақырыпқа дейінгі нәтижелерді кім және қашан алғаны туралы деректер,
  • Зерттеліп отырған бағыттағы жаңа мәселе ретінде немесе оны әрі қарай дамыту үшін қажетті мәселе ретінде кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі болып табылатынтақырыптың өзектілігін негіздеу,
  • Қойылған есептің мақалада ұсынылған шешімін дәл тұжырымдау және сипаттау,
  • Мақала нәтижесінің бұрын белгілі білімдер аясында жаңа, белгісіз және мазмұнды екенін егжей-тегжейлі негіздеу,
  • Мақалада қойылған есептің шешімі толық әрі жан-жақты дәлелдемелермен қамтамасыз етілуі тиіс,
  • Зерттеу нысанының концептуалдық моделі – негізгі құрамдас бөліктердің құрылымдалған сызбасы (назар нақты мамандану шеңберінде де, принциптік маңыздылық тұрғысынан да түпкілікті сипатқа ие нәтижелерге аударылады).

Осы талаптардың кемінде біреуі сақталмаған жағдайда мақала қарауға қабылданбайды.

Қысқаша хабарлама. Қысқа хабарламаға қойылатын талаптар ғылыми-зерттеу мақаласына қойылатын талаптармен бірдей, тек толық әрі егжей-тегжейлі дәлелдеу талап етілмей, оның орнына дәлелдеудің сызбасымен (қысқаша нобайымен) алмастырылуы мүмкін.

Ғылыми-әдіснамалық мақала. Журнал методологиялық мәні мен жаңа тәсіл, құралдар, әдістер, принциптер мен білімді беру жолдары түріндегі жаңалықты қамтитын Математика, Компьютерлік ғылымдар және Механика салаларының барлық тақырыптары бойынша тікелей қолданыстағы ғылыми-әдіснамалық мақалаларды жариялайды. Ғылыми-әдіснамалық мақалалар қойылған методологиялық мәселені  егжей-тегжейлі тұжырымдау, зерттеу мақсатының пәндік дисциплина дамуы аясында қажеттілігін толық негіздеу, жүйелілік, терминологияның нақтылығы, теориялық құрамдастардың айқын көрсетілуі, логика және құрылымдылық, білімді жеткізудің қолжетімділігі мен түсініктілігі сияқты жалпы талаптарды ескеру жағын қамти отырып, жеке бағдарламалық тақырыпты, бүтін бағытты немесе пәндік дисциплинаны баяндауға арналған аяқталған зерттеу болып, келесі талаптарға сай болуы тиіс (осы талаптардың ескерілуі мен толықтығын рецензенттер мен Редакциялық алқа анықтайды) және жеке түрде немесе үйлесімде келесі ақпаратты қамтуы қажет:

  • Мақала жеке немесе үйлесімде Зерттеу нысанының концептуалдық моделі – негізгі құрамдас бөліктердің құрылымдалған схемасы, мысалы, мектептегі толық Математика оқулықтар жинағын жасау арқылы «Математикалық жетілгендік» деңгейіне жету, университеттік курстарды «Түсіну» деңгейіне көтеру және әртүрлі «Вариативтік бөлімді» меңгеруге базалық дайындықты қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтуы тиіс,
  • Әдістемелік мәселенің нақты қойылымы – шешуді қажет ететін фундаменталды белгісіздік немесе қарама-қайшылық,
  • Жасалатын әдістемелік мәселенің өзектілігі мен қажеттілігін негіздеу,
  • Әдістемелік мәселенің шешілуі және оның бұрын белгілі әдістемелер аясында жаңашылдығы.

Ғылыми-ұйымдастырушылық мақала. Журнал ірі көлемді ғылыми және әдіснамалық іс-шараларды жандандыруға бағытталған ғылыми-ұйымдастырушылық ұсыныстарды жариялайды:

  • тиімділік аясындағы ғылыми конференциялар,
  • сәйкес байқау Гранттық қаржыландыру құжаттамасы мен сараптамалары;
  • соңында «Математикалық жетілгендік» деңгейіне жетуді мақсат тұтатын мектеп математикасы курсының оқулықтары мен бағдарламалары;
  • «Математиканы түсіну» деңгейіне жетуді мақсат тұтатын магистратура және PhD докторантура бағдарламалары;
  • барлық деңгейдегі студенттерді халықаралық ғылымға тартуды қамтамасыз ететін магистратура және PhD докторантура ғылыми бағдарламалары;
  • әртүрлі тағайындауларға арналған сараптамалар және сарапшыларға қойылатын талаптар: ғылыми сараптамаға тек фундаменталды нәтижелерге қол жеткізген мамандар тартылады, тек ерекше жағдайда ғана маңызды нәтижелері бар мамандар, әдіснамалық сараптама үшін пәндік салада теориялық дайындығы бар, тікелей қолдану нәтижесі кемінде үш рет расталған мамандар тартылады,
  • әртүрлі тағайындауларға арналған сараптама және сарапшыларға қойылатын талаптар: Ғылыми сараптамаға тек фундаменталды нәтижелерге қол жеткізген мамандар, ерекше жағдайларда – маңызды нәтижелері бар мамандар тартылады.
  • ғылыми атақтарды беру және онымен байланысты құжаттама мен сараптама: профессор атағы алу үшін міндетті түрде Фундаменталды нәтижесі болуы тиіс; ассоциирленген профессор мен доцент атағын алу үшін маңызды нәтижесі болуы жеткілікті.
  • оқулықтар мен монографияларды рецензиялау және онымен байланысты құжаттама: оқулықтарды рецензиялау үшін пәндік салада теориялық дайындығы бар, тақырыбы оқулыққа жақын, тікелей қолдану нәтижесі кемінде бес рет расталған мамандар тартылса, монографияларды рецензиялау үшін тақырыбы монографияға жақын және фундаменталды нәтижелері бар мамандар тартылады.
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдіснамалық есептілік пен бақылау құжаттамасы:
  • кез келген ғылыми есептік немесе бақылау құжаты ғылыми жаңалықтың нақты тұжырымдарын талап етуі керек, сонымен қатар сол кезеңдегі Халықаралық ғылыми кеңістіктегі тақырып пен бағыт жағдайы негізінде толық негізделген болуы тиіс.
  • ғылыми кадрларды даярлау және онымен байланысты есептік пен бақылау құжаттамасы.
  • журналдағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдіснамалық және ғылыми-ұйымдастырушылық саясат: ғылыми журнал магистратура мен PhD-диссертациялардың тақырыптарын қамтуы, Қазақстан үшін халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулерді белсендіруі, ғылыми қателіктерден, нәтижеліліктің және маңыздылықтың болмауынан таза болуы тиіс.

«Журналдың бағдарлаушы мақаласы» форматы мен көлеміне ешқандай шектеу қойылмай жеке тақырыпқа немесе бағытқа арналған Қазақстандағы ары қарай жалғастыруға және Халықаралық ғылыми кеңістікке шығуға мүмкіндік беретін фундаменталді нәтижелерге негізделеді.

  «Оқулықтар мен ғылыми басылымдарға рецензия» рубрикасы оқулықтар мен монографияларды ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан талдауға арналған.

«Естелік» рубрикасы журнал бағыттары бойынша ғылыми қауымдастықтың көрнекті өкілдерінің мұрасына арналады.

Мақала авторларына қойылатын талаптар. Журналда қабылданатын жарияланым түрлеріне

  • ғылыми-зерттеу мақаласы;
  • қысқаша хабарлама;
  • ғылыми-әдіснамалық мақала;
  • ғылыми-ұйымдастырушылық мақала;
  • «Журнал нөмірінің бағдарлаушы мақаласы»;
  • «Оқу және ғылыми басылымға рецензия» айдары;
  • «Еске алу» айдары

 

сәйкес авторлар санаттарына сәйкес талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

Барлық мақалалар міндетті түрде рецензиялау рәсімінен өтеді. Сарапшы-рецензенттің қорытындысы бойынша авторлар рецензиядағы әрбір ескертуге жеке-жеке жауап беріп, жаңа редакцияланған мәтінде енгізілген өзгерістерді бақа түспен (ерекшелеу арқылы) белгілеуі және енгізілген түзетулердің рецензиядағы ескертулер мазмұнына толық сәйкес келетінін жан-жақты негіздеуі қажет.

Авторлар рецензентке қайта жіберу үшін өңделген мақаланың толық мәтінін және әрбір тармақ бойынша жеке түсіндірмелердің толық тізбесін жоғарыда көрсетілген форматта ұсынуы тиіс.

Рецензиядағы талаптарға ұсынылған жауаптар сәйкес келмеген жағдайда, мақала қайта қарастыру құқығынсыз қабылданбайды.

«Ақпараттық-аналитикалық» рубрикасы конференциялар мен семинарлар, әлемдік ғылыми орталықтармен ғылыми ынтымақтастықтар, Қазақстан Республикасының ұлттық және аймақтық университеттері мен орта мектептерінде өткізілетін ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдіснамалық выездтік семинарлар, сондай-ақ Математика, Компьютерлік ғылымдар және Механика бойынша ұлттық жобалардың таныстырылымдары сынды ірі ғылыми іс-шараларға арналған.

«Ақпараттық хабарламалар» айдары конференциялар, семинарлар, курстар және әртүрлі ғылыми, әдіснамалық, ұйымдастырушылық және кеңестік іс-шараларға арналған хабарландырулар мен шақырулардан тұрады.

 

Авторлық

 Баспагер қолжазба журналға жіберілгенге дейін барлық авторлар мақаланың мазмұнымен танысып, оны жіберуге нақты келісімін берген деп және де жұмыс орындалған ұйымның (ғылыми-зерттеу институты, университет және т.б.) жауапты органдарының келісімін алды деп санайды.

Барлық авторлар мақаланың ғылыми мазмұнына белгілі бір деңгейде үлес қосуы тиіс, атап айтқанда, зерттеу тұжырымдамасын қалыптастыруға,
мақаланы маңызды ғылыми мазмұнын айқындау мақсатында сыни тұрғыдан жетілдіруге, негізгі нәтижелерге қол жеткізуде шешуші болған идеялар ұсынуға, күмәндар мен ұсыныстар білдіруге, мақаланың журналға ұсынылатын соңғы нұсқасын бекітуге қатысуға тиіс.

Журнал мақалада әр автордың нақты үлесі көрсетілген жағдайда, авторлардың қосқан үлесі туралы ақпаратты жариялай отырып, ашықтық қағидатын ұстанады. Мақала авторлары «Авторлардың үлесі тең» форматында да үлестерін көрсетуіне болады. Авторлардың атқарған жұмыстары жайлы бұл мәлімет, мысалы, зерттеу мәселесін қою, әдебиеттерге шолу (мәселенің даму тарихы), әдіснама, деректерді жинау және басқару, сандық есептеулер, бағдарламалық қамтамасыз ету, валидация, талдау және басқа да жұмыстар (бұл тізіммен шектелмейді) қамтиды.

Жұмыстың кез келген бөлігінің дәлдігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлық авторлар зерттеу жұмысының барлық аспектілері бойынша жауапкершілік алады.

Авторлар редакциялық үдеріс барысында Журналмен байланыс орнату үшін жауапты корреспондент-авторды тағайындайды.

Корреспондент-автордың рөлі. Авторлардың бірі барлық авторлардың атынан әрекет етеді, қолжазбаның кез келген бөлігінің дәлдігі мен тұтастығына қатысты мәселелердің тиісті түрде шешілуін қамтамасыз етеді және жариялауға дейінгі және жарияланғаннан кейінгі кезеңдерде Журнал мен барлық авторлар арасындағы коммуникацияны үйлестіретін корреспондент-автор болып тағайындалады.

Авторлық құрамдағы өзгерістер. Қолжазбаны ұсыну кезінде авторлар құрамының дұрыстығын және олардың тізімдегі орналасу ретін мұқият тексеру қатаң түрде ұсынылады. Қолжазба тапсырылғаннан кейін авторлар тізіміне кез келген өзгеріс енгізуге, атап айтқанда авторлардың ретін өзгертуге, авторларды алып тастауға немесе жаңадан қосуға жол берілмейді. Сондықтан авторлар қолжазбаны алғаш ұсыну кезінде (яғни бұл соңғы нұсқа болып саналады) авторлар тізімі мен олардың орналасу ретін мұқият қарастыруы қажет.

Қолжазбаны ұсыну барысында авторлар өздері жайлы деректердің (тегі, аты-жөні, жұмыс орны, мекенжайы, e-mail) дұрыс жазылуына ерекше назар аударуы тиіс. Барлық авторлардың аты-жөндері толық әрі дұрыс көрсетілгеніне, сондай-ақ мекен-жайлары мен аффилиацияларының сол уақытта өзекті екеніне көз жеткізу қажет.

          Авторлыққа қатысты мәселелер немесе даулар. Рецензиялау барысында немесе мақала қабылданып, жарияланғаннан кейін авторлыққа байланысты дау туындаған жағдайда журнал мұндай мәселелер бойынша тергеу жүргізуге немесе шешім қабылдауға құқылы емес. Мұндай жағдайда авторларға дауды өзара келісім арқылы өздері шешу ұсынылады. Егер дау шешілмеген жағдайда, журнал қолжазбаны редакциялық үдерістен алып тастау құқығын өзіне қалдырады немесе мақала жарияланған болса, бұл мәселе автордың жұмыс істейтін ұйымына хабарланып, сол ұйымның ережелеріне сәйкес қаралады. Қажет болған жағдайда редакция мақаланы кері қайтарып алу (ретракция) туралы шешім қабылдауға құқылы.

          Аффилиация. Әрбір автор мақалада зерттеудің негізгі бөлігі орындалған ұйымды көрсетуі тиіс. Егер автор кейіннен жұмыс орнын ауыстырған болса, қазіргі мекен-жайын да көрсетуге болады. Мақала жарияланғаннан кейін мекенжайлар жаңартылмайды және өзгертілмейді.

          Авторды сәйкестендіру. Қолжазбаны ұсыну кезінде авторлар өздерінің ORCID ID нөмірін көрсетуі қажет.

          Жарияланған мақалаларда техникалық қателер (формулалардағы, кестелердегі, сөздер мен сөз тіркестеріндегі мағынаны өзгертетін қателер және т.б.) анықталған жағдайда, оларды дұрыс нұсқасы жайлы ақпарат журналдың келесі сандарында жариялануы мүмкін.

         

Қаржыландыру көздері

          Авторлар зерттеуді қаржыландырудың барлық көздерін көрсетуі тиіс (қаржыландыратын ұйымды, грант нөмірін және қаржыландыруға қатысты басқа қажетті ақпараттар). Мысалы: Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын №_______ (жобаның нөмірі) жобасы аясында орындалған.         

         

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын техникалық талаптар

Редакция авторларды Журналға жолданатын жұмыстарды дайындау кезінде ережелермен танысып, соларға сәйкес болуын қамтамасыз етуге шақырады. Белгіленген ережелерге сәйкессіздік мақалаға әрі қарай қаралуға мүмкіндік бермейді.

Редакцияға Журналдың оригинал стильдік файлын міндетті түрде пайдалана отырып, LaTeX баспалық жүйесінде дайындалған жұмыстың Tex және Pdf файлдары ұсынылады. Авторлар қолжазбаны екі нұсқада дайындайды, оның бірі – екі жақты “соқыр” рецензия жүргізуге арналған авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер) қамтылмайтын анонимделген мәтін болуы қажет.

Жұмыс мәтіні ҒТАХР (http://grnti.ru/ сілтемесі арқылы анықталатын Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы) рубрикаторынан басталады. Одан кейін автор(лар)дың аты-жөнінің инициалдары мен тегі, әр автордың ORCID нөмірі, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілген ұйымның толық атауы, қаласы мен елі көрсетіледі. Барлық авторлардың электрондық мекен жайлары, сондай-ақ хат алмасуға жауапты автор  көрсетілуі тиіс.

Мақаланың атауы 15 сөзден аспауы керек.

          Аннотация мақаланың қысқаша мазмұнын қамтып, оның ерекшеліктерін көрсететін және мақаланың құрылымын сақтайтын 150–300 сөзден тұруы тиіс. Аннотацияда көлемді формулалар болмауы тиіс, мақала атауын мазмұны жағынан қайталамауы керек, сондай-ақ жұмыс мәтініне немесе әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы қажет.

Түйін сөздер (7 сөзден немесе сөз тіркесінен аспауы тиіс) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі, зерттеудің пәндік саласын анықтауы керек және мақала мәтінінде кездесуі тиіс. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы бөлінеді.

Мақала мәтіні «8. Редакциялық алқаның мақала мазмұны мен құрылымына қоятын талаптары» тармағына сәйкес болуы тиіс.

Кестелер мақала мәтініне тікелей енгізіледі және олар нөмірленіп, сәйкес атаулар беріледі және мәтінде оларға түсіндірме келтіре отырылып, сілтемелермен бірге көрсетілуі қажет.

Суреттер, графиктер PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX стандартты форматтарының бірінде ұсынылуы тиіс. Нүктелік суреттердің ажыратымдылығы 600 dpi болуы қажет. Суреттерде барлық бөлшектер анық көрсетілуі тиіс. Барлық суреттер нөмірленіп, атауларымен және толық түсіндірмелерімен мақала мәтініне бірге беріледі.

Авторлардың үлесі мақаланы дайындау барысында әр автордың атқарған рөлін көрсетуі тиіс.

Қаржыландыру көздері. Қажет болған жағдайда авторлар мақала мәтінінде қаржыландыру көздерін көрсетуі қажет. Мысалы:
«Жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын №(жоба нөмірі) жобасы аясында орындалды».

Әдебиеттер тізімі тек мақала мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздерден тұруы керек (дәйексөз келтіру ретімен нөмірленеді). Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

Мақаланы дайындау кезінде әдебиеттер тізімі дереккөздер мәтінде алғаш рет келтірілу реті бойынша нөмірлене отырып, Numeric style талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс. Әдебиеттердің орналасу тәртібі алфавит бойынша емес, мәтінде дәйексөз келтірілу ретіне сәйкес беріледі.

Сілтемелерді рәсімдеу кезінде келесі үлгіні басшылыққа алу қажет: тарау нөмірі, параграф нөмірі, тармақ нөмірі, теорема (лемма, тұжырым, теоремаға ескерту және т.б.) нөмірі, формула нөмірі.
Мысалы: «...[3; § 7, лемма 6] қараңыз »; «...[2; 5-теоремаға ескерту] қараңыз».

 

[1] С.М. Воронин и А.А. Карацуба, Дзета-функция Римана, Физматлит, Москва, 1994.

 

[2] А. Утесов и Г. Утесова, К(Е)Д–қойылымында анизотропты жалпыланған Соболев класы функцияларын оптималды жуықтау, Вестник Еуразийского национального университета имени Л. Н. Гумилёва. Математика, компьютерные науки, механика серия 152 (2025), № 3, 22–29. https://doi.org/10.32523/bulmathenu.2025/3.2

 

[3] А.Ж. Жубанышева и Ш.К. Абикенова, О нормах производных функций с нулевыми значениями заданного набора линейных функционалов и их применения к поперечниковым задачам, в Функциональные пространства и теория приближения функций: тезисы докладов Международной конференции, посвященной 110-летию со дня рождения академика С.М. Никольского, с. 141–142, 2015.

 

Библиографиялық деректер (мақаланың атауы, автор(лар)дың инициалдары мен тегі, ұйымның толық атауы, мекен-жайы, қала, ел, мақала атауы, аннотация, түйінді сөздер) орыс және ағылшын тілдерінде (егер мақала қазақ тілінде жазылса); қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде жазылса); орыс және қазақ тілдерінде (егер мақала ағылшын тілінде жазылса) беріледі.

Ағылшын тіліндегі және транслитерацияланған бөліктерден құрылған комбинация. Транслитерация http://translit-online.ru/ сілтемесі бойынша онлайн аударғышты пайдалану арқылы жүргізіледі. Аталған онлайн аударғыш қазақ әліпбиіндегі кейбір арнайы әріптердің транслитерациясын толық жүзеге асырмайды. Сондықтан авторлар қазақ тіліндегі мәтінді транслитерациялағаннан кейін оны

 

ә

ғ

ң

ө

ү

ұ

қ

і

a

g

n

o

y

y

k

i

 

ережесіне сүйене отырып, қосымша түзетілуі қажет.

 

    Ағылшын тіліндегі және транслитерацияланған бөліктерден құрылған комбинация мысалы.

 

[1] S.M. Voronin and A.A. Karatsuba, Dzeta-funktsiia Rimana [Riemann Zeta Function].  Fizmatlit, Moscow, 1994. [in Russian]

 

[2] A. Utesov and G. Utesova, K(E)D–kojylymynda anizotropty zhalpylangan Sobolev klasy funkciyalaryn optimaldy zhuyktau [Optimal C(N)D-recovery of Functions from the Anisotropic Generalized Sobolev Class]. L.N. Gumilev atyndagy Euraziya ulttyk universitetіnіn habarshysy. Matematika, kompyuterlіk gylymdar, mekhanika seriyasy[Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. Mathematics, Computer Science, Mechanics Series], 152 (2025), no. 3, 22–29. https://doi.org/10.32523/bulmathenu.2025/3.2  [in Kazakh]

 

[3] A. Zh. Zhubanysheva and Sh. K. Abikenova, O normah proizvodnyh funkcij s nulevymi znacheniyami zadannogo nabora linejnyh funkcionalov i ih primeneniya k poperechnikovym zadacham [On the norms of derivatives of functions with zero values of a given set of linear functionals and their application to transverse problems], Funkcional'nye prostranstva i teoriya priblizheniya funkcij: Tezisy dokladov Mezhdunarodnoj konferencii, posvyashchennoj 110-letiyu so dnya rozhdeniya akademika S.M.Nikol'skogo [Functional spaces and theory of approximation of functions: Abstracts of the International Conference dedicated to the 110th birthday of Academician S .M. Nikolsky],  141–142, 2015.

 

Егер дереккөздің ресми аудармасы бар болып, ағылшын тілінде де жарияланған болса, онда әдебиеттер тізімінің ағылшын тіліндегі және транслитерацияланған бөліктерінің комбинациясында ресми ағылшын тіліндегі нұсқасы көрсетілуі тиіс.

Мысалы,

 

Баилов Е.А., Сихов М. Б., Темиргалиев Н. (2014). Об общем алгоритме численного интегрирования функций многих переменных. Журнал вычислительной математики и математической физики, 54(7), 1059-1077. https://doi.org/10.7868/S0044466914070047

 

[4] Е.А. Баилов, М.Б. Сихов и Н. Темиргалиев, Об общем алгоритме численного интегрирования функций многих переменных, Журнал вычислительной математики и математической физики 54 (2014), № 7, 1059–1077. https://doi.org/10.7868/S0044466914070047

 

мақаласының ресми аудармасы бар, онда

 

[4] E.A. Bailov, M.B. Sikhov, and N. Temirgaliev, General algorithm for the numerical integration of functions of several variables, Computational Mathematics and Mathematical Physics 54 (2014), 1061–1078. https://doi.org/10.1134/S0965542514070045

 

Авторлар туралы мәліметтер. Әрбір автор бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі ақпарат көрсетіледі: толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орны, қызметтік мекен-жайы, қала, ел.

 

Мақаланы жіберу

Мақала материалдарын жіберу үшін журналдың https://bulmathmc.enu.kz/ сайтында жүйеге кіруі немесе тіркелуі қажет.

LaTeX баспа жүйесінде дайындалған мақалалар (журналдың түпнұсқа стильдік файлын міндетті түрде пайдалана отырып) жүйеге Tex және PDF форматында жүктеледі. Авторлар қос соқыр рецензиялау жүргізу үшін авторлар туралы ақпаратты (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер) қамтымайтын анонимдендірілген мақала мәтінін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар «11. Авторлардың этикалық міндеттері» тармағына сәйкес ілеспе хат (сопроводительное письмо) қоса берілуі қажет.

 

Ұсынылған қолжазбаны жариялаудан бас тартудың негіздері

  • Қолжазба «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өтіп, талап етілген түпнұсқалық деңгейіне сәйкес келмеген жағдайда,
  • Қолжазбаға берілген екі рецензия да теріс болған жағдайда,
  • Қолжазба Журнал саясатында көрсетілген техникалық талаптарға сәйкес келмеуі,
  • Қолжазба Журнал саясатында белгіленген ғылыми мазмұн мен мақаланың құрылымдық рәсімделу талаптарына сәйкес келмеуі,
  • Автор рецензенттер ұсынған түзетулерді енгізбеген жағдайда,
  • «16. Мақалаларда генеративті жасанды интеллектке редакцияның көзқарасы» тармағының талаптарын бұза отырып, жасанды интеллект арқылы жасалған мәтіннің бар екендігі анықталған жағдайда,
  • Брокерлердің және/немесе делдал ұйымдардың сыртқы көмек көрсету жүйесі пайдаланылған жағдайда.

 

Төлем

Төлем мақала жарияланған кезде әрекет ететін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ-ның баспа және жариялау қызметтері бағаларының прейскурантына сәйкес жүргізіледі.