Габор функцияларын қолдана отырып, Python тiлiнде кескiндi алдын-ала өңдеу құралдарына шолу және оларды салыстыру
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 86
Кілт сөздер:
суреттердi өңдеу, көпөлшемдi анализ, всплеск-түрлендiру, Габор функциялары, PhythonАңдатпа
Сандық фотосурет технологиясының пайда болу және дамуымен белгiлi бiр мақсаттарда
қолданылатын суреттердiң саны күрт артты. Сол себептi оларды өңдеу, тасымалдау және сақтаудың тиiмдi әдiстерiн
табу қажеттiлiгi туындады. Суреттермен жұмыс жасау әдiстерi ғылыми негiзделген болып, адамның визуалды
қабылдау ерекшелiктерiн көрсетуi қажет. Осындай әдiстердiң бiрi L
2
(R) кеңiстiгiнiң базисын құрайтын Габор функциялар жүйесi болып табылады. Олардың құрылысы осы мақалада келтiрiлген вейвлет пен көпөлшемдi анализ
аппараттарын қолдануға негiзделген.
Суреттiң қажеттi математикалық моделiн құрғаннан кейiнгi қадам оның тиiмдi және ыңғайлы жүзеге
асырылуы. Python мұндай есептердi шешудiң тиiмдi құралы болып табылады. Мақаланың мақсаты бұл
функциялардың қарапайым сызықты фильтрлер, сонымен қатар бүтiн вейвлет-базис ретiнде қолданылуларын
қамтитын әдебиеттердi салыстырып, шолу жасау болып табылады.